Қарызын қайтармаған соң көлігін әкетіп басы бәлеге қалды

555.jpg

Төлеби ауданының тұрғыны ақшасын қайтармағаның көлігін тартып алғаны үшін істі болды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, танысы құны 800 мың теңге тұратын «Ваз-2115» автокөлігін  тартып алғанын жеткізген. 

Аталған жайтты полиция қызметкерлері Төлеби АПБ-нің СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 389-бабы "Өзінше билік ету" бойынша тіркеді.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Төлеби АПБ-нің полицейлері күдіктіні анықтап, оны тұрғылықты жері бойынша ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Оқиға бойынша  мәнжайды анықтау кезінде күдіктіге 400 мың теңге қарыз екені белгілі болды. Жәбірленуші уәде еткен уақытында қарызға алған ақшасын яғни күдіктіге тауып бере алмаған соң, ол күш көрсетіп жәбірленушінің машинасын алып кеткен. Бүгінде полицейлер заң  Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді әркез заң аясында шешуге кеңес береді. Егер сіз заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер