Ауылдасының темірін ұрлап істі болды

Сайрам ауданында ауылдасының 1 тоннадан астам темірін   ұрлаған жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданып, ауласында тұрған «К 700» маркалы көлігінің 1 тоннадан астам темір-терсегін белгісіз адам жымқырып кеткенін жеткізді. Аталған жайт ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркелді.

Сайрамдық сақшылар орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында жедел іске кірісті. Яғни аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары мен жедел-тергеу тобы көрген-білгендерден жауап алды. Сондай-ақ аудандағы барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Тыңғылықты жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған темірлер табылды. Темір сатып алушылардан алынған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті бұрыннан ауылдасының қоршалмаған ауласында тұрған ауыр темірлерді байқап жүреді. Содан арам ойын іске асыру үшін өзінің жеңіл көлігімен, үйде ешкім жоқ кезде келіп, темірлерді артып әкетеді. Ұрланған 1 тонна 255 келі темірді сатып  алушыларға 155 мың теңгеге өткізген. Бүгінде ұрланған темірлер айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мүліктеріңізге барынша сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатып, бағалы заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Қауіпсіздік шараларын іске асыратын болсаңыз, ұрылардың жолына тосқауыл қоясыздар. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер