Түркістан облысында Ресей көліктерімен болған апаттарда 52 адам қаза тапты

Түркістан полицейлеріне шетелдік нөмірі бар автокөліктерді тіркеу бойынша 2 күн ішінде 200-ге жуық адам жүгінген. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Оның 143-і call-орталыққа қоңырау шалған.

10 қарашадан бастап ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасымен республикамыздың барлық аймағындағы Полиция департаменттерінде  call-орталықтар жұмыс істеуде. Яғни әр аймақтың өз тұрғыны шетелдік көлігіне қатысты кез-келген сұрағы бойынша осы аталмыш орталықтардың нөмірлеріне хабарласып, толық мәлімет алуына болады. Мәселен Түркістан полицейлері Ресей Федерациясынан және басқа да жақын шетелдерден әкелінген көліктер бойынша азаматтарды кезексіз қабылдап, мәселелеріне мән беруде. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған  орталық нөміріне хабарласқан 143 адамның сауалына дер кезінде жауап беріп, заң аясындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда өзекті болып отырған аталмыш мәселе бойынша Түркістан облысы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков  жұмыс күндері шетел көліктері бойынша полицияға жүгінген азаматтарды қабылдап жатыр.

Түркістан қаласы Полиция департаменті жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде» тұрғындардың қойған сауалдарына жауап беру мен тұрғындар үшін тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Әлеуметтік желіде департамент парақшасында ұйымдастырылған тікелей эфир барысында 200-ге жуық сауал түсіп, сол мезетте ӘПБ бастығы полиция полковнигі А.Тастанбеков сауатты жауап беріп отырды.

«Түркістан облысы бойынша азаматтар  +7 725 33 5 85 16 нөміріне хабарласып, шетел көліктері бойынша мәлімет ала алады. Қоңырауға жауап беру үшін қызметкерлерді бекітіп қойғанбыз. Олар таңғы 9:00-ден кешкі 23:00-ге дейін қызметте. Сұрақтардың басым көпшілігі «Есептен шығарылған тізімде менің көлігім бар ма?» және «тіркеу үшін қандай талаптарды орындау керек?». Бұл сұрақтар бойынша қызметкерлерде арнайы тізім бар, содан қарап жауап беріп жатыр. Сонымен қатар көліктерден талап етілетін евростандартқа сай және қауіпсіздік сертификаты,  «эйрбаг», «АВС» болуы мен арнайы белгіленген төлемдерді төлеу қажеттілігі айтылуда. Оған қоса 2014 ж. 17 сәуірдегі «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңына сәйкес көліктердің тіркелуі қажеттілігі жіті түсіндірілуде.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында есептен шығарылған 12 мыңнан астам Ресей көлігі бар. Ал жыл басынан бері облыста Ресей көліктерімен 50 мыңға жуық құқықбұзушылық анықталып, 150 жол-көлік оқиғалары орын алған. Оның ішінде 52 адам ЖКО кезінде қаза тапты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер