Түркістандық полицейлер ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде ел тыныштығы үшін жанын қиған Ғазиз Байтасов әріптестерінің мәңгі есінде. Сондықтан бүгін түркістандық тәртіп сақшылар өздерінің жұмыстарын таңғы уақытта ерлікпен қаза тапқан батырды еске алуға арналған 1 минуттық үнсіздікпен бастады. Департамент алдына жеке құрам жиналып, халық қаһармандарының ерлігі туралы айтылды. Түркістан облысының жеке құрам қызметкерлері бүгінгі жұмыс күніне батырдың ерлігінен жігер алып, өз жұмыстарын абыроймен атқаруға кірісті. Ерлік пен өрліктің хас үлгісін көрсеткен батырларды мадақтау, олардың алдында бас иіп, құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың да бұлжымас парызы. Қазіргі тыныш өміріміз, тәуелсіздігіміз осындай батырлық пен ерліктің белгісіндей болған батырлардың ерен еңбегі деп білеміз, бейбіт күннің әр сәтін бағалау қажеттілігін бәріміз сезінуіміз керек.
Сондықтан өскелең ұрпаққа антына адал болған полицейлердің даңқын дәріптеп, ерен ерлігін еске салып отыру болашақта патриотты да парасатты ерлердің ел қамы үшін қызмет ететініне кепіл болмақ!
Осы тұста бізде елімізде бейбітшілік болсын, ел ішіндегі бірлік пен ұйыған татулықтың баяндылығын мақсат тұтқан айбынды азаматтарымыз аман болсын. Қыран қанатын құлаштаған көк байрағымыз желбіреп, тұғырымыз биіктеп, мәртебеміз марқая берсін!