Полицейлердің республикалық жарысы Қазығұрт ауданында өтті

111.jpg

Қазығұрт ауданында Ішкі істер қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазығұрт ауданы ПБ-ның ұйымдастыруымен 2016 жылы Алматы қаласында болған террорлық актіде қаза тапқан Мейрамбек Рахматтуллаевты еске алуға арналған «Бейбіт күннің батыры – Мейрамбек Рахматтуллаев» атты Ішкі істер қызметкерлері арасында республика көлемінде волейболдан турнир өткізілді.

Жалпы іс-шараның ашылу салтанатына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасполатов, Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев пен  ауыл ардагерлері қатысып, өздерінің ақ баталарын беріп, турнирді ашты. Аталған шара Қазығұрт ауданы, Жаңабазар мекенінде орналасқан Қарабастау жалпы орта білім беретін мектебінің мәжіліс залында өткізілді.

Аталмыш  турнирге Қазақстан Республикасы Ақтөбе заң институтынан 1 команда, Қазақстан Республикасы М.Есболатов атындағы Алматы академиясынан 1 команда, Түркістан облысы ардагерлерінен 1-команда, Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің жеке құрам қызметкерлерінен 1 команда қатысып, тартысты ойын өтті.  Жалпы ойынға қатысқан  10 команда ішінен топ жарған 4 командаға бағалы сыйлықтар табысталып, әрбір командалардың үздіктері алғыс хатпен марапатталды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер