Мас жүргізуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды

vfc.jpg

Түркістан облысында мас жүргізуші өмір бойы  көлік құралын жүргізу мен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сарыағаш АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында полицейлер жол жүру ережесін өрескел бұзып жолда келе жатқан жаяу жүргіншіні абайсызда қағып  кеткен «Ваз-2106» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің иесі Сарыағаш  аудандық сотының қаулысымен 2019 жылы  ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ полицейлер  жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшылары осы жайтты нақтылау үшін, жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеп іс-құжаттарды жинақтап, Сарыағаш  аудандық сотына жолдады.

Бүгінде сот күдікті азаматты ҚК 346-бабы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан және 6 жыл мерзімге бас бостандығынан  айыруға үкім етті.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер