Полицей оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу сабағын өткізді

002.jpg

Түркістан облысының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты іс-шара ұйымдастырды. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы Жаңа жол ауыл әкімшілігі Ақжол ауылының «Жаңа жол жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша іс-шара өткізді. Аталған шараға зиялы қауым өкілдері мен Мақтаарал ауданы ПБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Түзелов Құрманғазы және  8-10-сынып оқушылары  қатысты.

Елімізде отбасы ішіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы іс-әрекет ең маңызды мәселелердің бірі.  Осы орайда Қ.Түзелов «Құқықбұзушылық  және  зорлық-зомбылық» тақырыбында баяндама оқыды: «Психологиялық зорлық-зомбылық – балаға назар аудармау, кері итеру, бақылау, баланы қорқытуға, үрей сезімін тудыруға, баланың мінезіне ықпал етуге,оның өзін-өзі құрметтеу, өз бағасын білу сезімін жоюға, әлеуметтік және эмоционалдық дамуы мен жақсы өмір сүруіне кедергі келтіруге бағытталған қасақана жасалатын вербалды және іс-әрекеттік қимылдар схемасын құрайды.

Психологиялық кемсітушілік әрекетке баланың өзін керексіз, кемістігі бар, сүйкімсіз және қалаусыз болып табылатынына сендіру үшін жасалатын мазақтау, балағаттау, кемсіту, ұялту және дөрекі сөздер айту сияқты вербалды әрекеттер кіреді. Ол сондай-ақ баланы қорқыту және оны бақылау үшін қорқыныш сезімін тудыру мақсатында физикалық залал келтіре отырып балаға қауіп төндіру сияқты іс-әрекеттік қимылдарды да қамтиды»-деп бала өміріне қатысты қысқаша тоқтала кетті.

Сондай-ақ жиын барысында отбасы ішіндегі ұйымдар мен мекемелердегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселелері де талқыланды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер