Қазпоштаның 35 миллионын жымқырған үшеу ұсталды

2202.jpg

Түркістан полицейлері мекемеден 35 миллион теңгені алаяқтық жолмен жымқырған пошта қызметкері мен оның екі сыбайласын ұстады. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысы Сарыағаш  АПБ-ға аудандағы  пошталардың бірінің қызметкері  арызданып, мекемеге тиесілі 35 миллион теңгеге жуық ақшаны белгісіз адамдардың қолды еткенін жеткізген. Аталған жайтты сарыағаштық полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, қажетті шараларды атқарды. Оқиға орын алған мекемеге барған тәртіп сақшылары  бейнекамералардың жазбаларын мұқият тексеріп, айғақты заттарды іздей бастады. Бірнеше күнге созылған жедел жүргізілген жұмыстар кезінде күдікті ретінде пошта қызметкері, яғни жас жігіт анықталды. Ұсталған жігіт Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты.

Сондай-ақ тергеп-тексеру барысында ұсталған жігітке қылмысты жүзеге асыру үшін көмектескен 2 сыбайласы, яғни ер азаматтар анықталды. Олардың бірі жергілікті тұрғын болса, екіншісі Семей қаласының тұрғыны.

Белгілі болғандай пошта қызметкері қасындағы 2 сыбайласымен бірге алдын ала сөз байласып, мекеменің қорына жиналған 35 миллион теңгені шотына аударып жіберу арқылы жымқырған. Қолды еткен қомақты қаржыны өзара бөлісіп алған.

Қазіргі таңда ұсталған 3-еу қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі  тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның басқа да толық мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады.

Түркістан облысы полицейлері облыс тұрғындарына  алаяқтың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласу қажеттілігін айтады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер