Марат Қожаев Түркістан облысы полицейлерінің жұмысын жоғары бағалады

2331.jpg

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында және «2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғыртудың жол картасы» тармақтарын орындау үшін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен Түркістан облысына Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев келді. Бірінші вице-министрдің Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесу барысында өңірдегі криминогендік жағдайдың тұрақтылығы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері талқыланды.

2333.jpg

Сондай-ақ облыс әкімдігінде орналасқан сарапшылар тобының қызметкерлерімен кездесті. Одан әрі полиция генерал-майоры М.Қожаев маңызды туристік нысандарды аралап, туристер мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін облыс орталығында орнатылған «SOS» стационарлық бекеттерінің жұмысымен танысты.

2328.jpg

Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша учаскелік полиция инспекторларының жұмыс ауқымы кеңейтілуде. Оларды техникалық жабдықтармен жарақтандыру, жұмыс нәтижелерін арттыру және қылмыс деңгейін төмендету үшін барлық жағдайлар жасалуда. Осыған байланысты генерал М.Қожаев Түркістан қаласы полиция басқармасының №4 және № 6 тірек пунктеріне арнайы аялдады. Бірінші кезекте бірінші вице-министр учаскелік инспекторлардың жұмысын бағалап, профилактикалық шараларға байланысты тапсырмаларын берді.

2335.jpg

Одан кейін Марат Шадетханұлы Түркістан облысы Полиция департаментінде жедел басқару орталығының (ЖБО) қызметімен танысты. ЖБО бүгінде облыс орталығында орналасқан барлық бақылау бейнекамералары біріктірілген полиция департаментінің маңызды құрылымдарының бірі болып табылады.

Тәртіп сақшыларының оң нәтижелерге қол жеткізуінде ЖБО-ның өзіндік үлесі бар. Бейнебақылау камераларының көмегімен 2021 жылдың 10 айында облыс бойынша 75 мың 502, ал Түркістан қаласында 36 мың 483 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ облыс көлемінде – 104 қылмыс, ал облыс орталығында 32 қылмыс бейнебақылау камераларының көмегімен ашылған. Айта кету керек, бейнебақылау камералары орнатылған жерлерде жүргізушілер апаттық жағдайларға жол бермейді. Жалпы, республика көлемінде адам санына шаққанда қылмыс саны ең аз облыс – Түркістан.

2326.jpg

Сапар барысында ІІМ бірінші орынбасары М.Қожаев Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті.

– Түркістанды рухани астана және туристік орталық ретінде барлығы жақсы біледі. Сондықтан осындай қасиетті жердің тәртіп сақшылары әрқашан өз жұмыстарыңызға жауапты болып, қылмысты ашуда әділдікті ту етулеріңіз қажет. Баршаға мәлім полицияны халық әрдайым қорғаушы, жанашыр ретінде сезінуі керек. Ол үшін Президентіміздің тікелей тапсырмасымен және ІШкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың қадағалап, іске асырылуына мұрындық болуымен сан түрлі жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде «Цифрландыру», «Сервистік полиция» т.б. Сондықтан сіздер бірінші кезекте халық өзін қауіпсіздік пен жайлылықта сезінетіндей жағдай жасап, өз қызметтеріңізді адал атқаруларыңыз қажет. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық, қылмыс не болмаса басқалай тәртіпсіздік те мүлде орын алмауы аса маңызды! – деді полиция генералы М.Қожаев.

2330.jpg

Содан кейін вице-министр Түркістан облысы полиция департаменті жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халыққа қолжетімді қызмет көрсету, естуші мемлекет аясында құрылған «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде» болды. Онда тұрғындарға қызмет көрсетудің тиімділігі мен ғимараттың келушілерге қолайлылығы толық қарастырылған. Сонымен қатар, генерал Марат Қожаев Түркістан қаласындағы облыстық полиция департаментінің жаңа ғимараты құрылысының барысымен танысты.

Сапар соңында Ішкі істер министрінің бірініші орынбасары Түркістан облысы полицейлерінің жұмысына оң баға беріп, алдағы уақытта да тәртіп сақшыларының азаматтар қауіпсіздігі үшін жоғары деңгейде қызмет атқаратынына сенім білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер