27 мың 247 жүргізушіге 165 млн айыппұл салынды

05.jpg

Түркістан облысында жыл басынан бері 27 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың  18-28 қараша күндері Түркістан облысында Республика көлемінде болып жатқан «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізуде. Аталған іс-шара әкімшілік айыппұлдарды төлеуден қашып жүрген құқықбұзушыларды анықтаудың тиімділігін көтеруге бағытталған. Айыппұл төлемей қашып жүргендердің автокөліктері айыптұраққа жеткізіліп, салынған айыппұлды төлеген соң ғана шығарылады.

Мәселен Мақтаарал ауданында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізуге жеке құрам қызметкерлері жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары ағымдағы жылдың алғашқы тәулігінен бастап осы уақытқа дейін жалпы 27 мың 247 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, 165 миллионнан астам айыппұл салды. Қазіргі таңда оның 106 миллион теңгеден астамы өндіріліп, өндіру пайызы 64%-ды құрап отыр.

Бүгінде мақтаралдық сақшылар аудан көлемінде берешегі бар тұрғындармен айыппұлды ерікті және мәжбүрлеп өндіру бойынша аудандық жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, рейдтік жұмыстарды жүргізуде.

Осы тұста Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды мемлекеттік айыппұл төлемдерін уақытылы төлеуге шақырады. Төлемеген жағдайда автокөлік айыптұраққа қойылатынын ескертеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер