Заңға бағынбаған кафенің қожайыны жауапқа тартылды

арыскаф.jpg

Арыс қаласында сағат 22:00-ге дейін жұмыс жасаған кафенің иесі жауапқа тартылды. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Короновирустың таралуына жол бермей, алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар барысында Арыс АПБ-нің қызметкерлері бірнеше заңбұзушылықтарды анықтап, шара көрілді. Полицейлері түнгі уақытта туған күн, кішігірім отырыстар болатын кафе-барларды тексеріп, олқылықтарды байқады. Соның бірі –  Арыс қаласындағы белгілі сауда орталығында орналасқан кафенің сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеп, тұрғындарға қызмет көрсетіп отырғаны белгілі болды. Аталған жайтқа байланысты Арыс аудандық полиция бөлімінің полицейлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша хаттамалар толтырды. 

Мемлекет басшысының қаулысымен елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысының полицейлері күшейтілген режимде жұмыстарды жүргізуде. Соның арқасында тәртіп сақшылары төтенше жағдай режимін бұзудың 70-ден астам жайтын анықтаған. Құқықбұзушыларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынып, 17-сі әкімшілік қамауға алынған. Полицейлер облыс тұрғындарына ескертеді, төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын жасаңыздар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер