Адам сатқан Шымкент тұрғыны Сайрам ауданында ұсталды

адамсату.jpg

Түркістан облысының полицейлері Сайрам ауданының орталығындағы қонақүйде жыныстық қатынас қызметін көрсету мақсатында кәмелетке толмаған қызды сатпақ болған Шымкент тұрғынын тұтқындады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлады.

13 сәуір күні Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасына бір әйелден кәмелетке толмаған қызды жыныстық қызмет көрсету үшін белгілі сомаға сататыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 309-бабының 2-бөлігі "Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық" бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Сол күні жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, Түркістан облысы ПД КПБ және Сайрам АПБ-ның қызметкерлері Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы қонақүйлердің бірінде кәмелетке толмаған қызды сату кезінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Полиция қызметкерлері күдіктіден айғақты зат ретінде миллион теңге ақшаны тәркілеп алды. Кәмелет жасына толмаған қызда мегаполистің тұрғыны, оқу орындардың бірінің студенті болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің бұрын осы жас қызды бірнеше рет жыныстық қызмет көрсету үшін ұсынғаны анықталды. Жеңгетайлық келіссөздерді телефон арқылы жүргізіп, клиенттерге мессенджермен кәмелетке толмаған қыздың суретін көрсетіп отырған. Оны пәк, таза деп сылтауратып, клиенттерден ірі көлемде ақша сұрап, келісуден кейін кездесуді ұйымдастырып отырғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша "Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және Жеңгетайлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Түркістан облысы ПД-нің полицейлері істің толық мән-жайын және күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер