Полицейлер екі күн тұрғындарға құқықтық кеңестер берді

070.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасымен тәртіп сақшылары құқықбұзушылықтың алдын алумен қатар тұрғындарға құқықтық кеңестер беріп, заңды түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізіп тұрады. Сондай құқықтық кеңестерін Жетісай аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық «Жолда қабылдау» акциясында жүзеге асырды.
Бұл жолғы акция барысында азаматтарға шет ел (Армения) авто көліктерінің құжаттарын рәсімдеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен игі шарада аудан тұрғындары полицияның халыққа ашық әрі жақын екеніне көз жеткізіп, түсіндірме жұмыстарына қанағаттанып, тәртіп сақшыларына алғыс айтты.
Жалпы, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен акцияның алғашқы екі күнінде елімізде 8,5 мың адам кеңес алды. Тәжірибе көрсеткендей, жүгінген әрбір бесінші адам армян нөмірі бар автокөлік құралын тіркеу тәртібіне қызығушылық танытты. Оның ішінде 840-тан астам адам көлік құралдарын рәсімдеу бойынша кеңес алды. Қазір бұл ең өзекті мәселе болғандықтан, көптеген тілек білдірушілердің барлық сұрақтарына мүмкіндігінше жауап ала алатындай етіп, азаматтарға жағдай туғызып, акцияны жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Әлеуметтік желілерде ішкі істер органдары бөліністерінің ресми аккаунттарында жарты мыңнан астам тікелей эфир өткізілді. Полиция қызметкерлері 3,7 мың сұраққа жауап берді. Сондай-ақ, азаматтар «қауырт желі» телефондарына хабарласып, 450 кеңес алды.
Нәтижесінде «Жолдағы қабылдау» акциясының 2 күнінде Армения Республикасынан әкелінген 900-ден астам автокөлік тіркелген.
Сонымен қатар, тұрғындарды әкімшілік айыппұл төлеу, жүргізуші куәлігін беру және басқа да мәселелер қызықтырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер