Полиция есірткі жасырған күдіктіні ұстады

066.jpg

Түркістан облысында тұрғындардың құқықтарын қорғау мақсатында өңір басшысының есірткі бизнесіне тосқауыл қою және есіткіқұмарлықтың алдын алу туралы тапсырмасын жүзеге асыру барысында Бәйдібек ауданының тәртіп сақшылары сіріңке қорабына есірткі жасырған күдіктіні ұстады.
Бәйдібек аудандық Полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түскен. Онда ауыл тұрғынының бірі өз үйінде есірткі затын сақтайтыны және қолданатыны жайында көрсетілген. Хабарлама келісімен полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Күдіктінің жеке басы, мекен-жайы анықталды. Ал, оның үйін тінту барысында ауласында орналасқан қоймасындағы шатырдың астынан бір сіріңке қорабына салынған есірткі заты табылды.
Бұл бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі,психотроптық заттармен,сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмыстық іс тіркелген. Бас шарасы қол хатта.
Өз кезегінде, Түркістан облысы полиция қызметкерлері азаматтарға заңсыз есірткі сақтап, өсірген, сатқандарға қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Егер сіз есірткіге қатысты мәселеге тап болсаңыз немесе осы салада қылмыс жасауға байланысты ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның «102» телефоны бойынша хабар беріңіздер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер