Созақта 142 құқықбұзушылық тіркелді

060.jpg

Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы бойынша өңірдің бас санитариялық дәрігерінің карантинге байланысты қаулысын бұзған, тәртіпке бағынбаған азаматтарды жауапқа тарту мақсатында құрылған мобильді топтар жұмыстарын жалғастыруда. Құрамында құқық қорғау органдары өкілдері де бар топ Шолаққорған ауылында 21 жасқа толмаған сатып алушыға ішімдік сатқан сатушыны анықтады.
Созақ ауданында Түркістан облысы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес «Карантин» режимін бұзу жайттарын анықтау бойынша іс-шаралар кезінде бірнеше құқықбұзушылық орын алды. Атап айтқанда, сатушының Шолаққорған ауылындағы дүкендердің бірінен 21 жасқа толмаған азаматқа алкогольді ішімдіктің үш бөтелкесін сатқаны анықталды. Қазіргі таңда сатушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша іс қозғалып,сотқа жолданды.
Одан бөлек шілде айының 20-нан бері ҚР ӘҚБтК 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 177, 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша 142 құқық бұзушылық тіркелген.
Өз кезегінде облыс полицейлері індеттің таралуын болдырмау үшін, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер