Елімізде пара алу фактілері жиілеп кетті

5db1f341260cf607331908.jpg

Елімізде пара алу фактілері жиілеп кетті: бұл көрсеткіш бір жылда 11%-ға артқан. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтардың үштен екісі парақорлыққа тиесілі.

2020 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы 1,6 мың сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 12,6%-ға төмен. Олардың үштен екісін пара алу оқиғалары құрап тұр. Жыл басталғалы елде 993 пара алу оқиғасы тіркелді – 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға көп. Оның ішінде 555-і – пара алу, 404-і – пара беру, 34 жағдай – делдалдық оқиғасы. Аймақтар бойынша пара алу оқиғаларымен Батыс Қазақстан облысы «көшбасшы» болып тұр – 97 жағдай, жылдық өсім бірден екі есеге артты. Екінші және үшінші орындарда Алматы (87 жағдай, 47,5%) және Шығыс Қазақстан (76 жағдай, минус 3,8%) облыстары тұр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер