Түркістан облысында үш күнде жол ережесін бұзудың 4525 дерегі тіркелді

полция-1.jpg

Түркістан облысының полицейлері үш күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың 4525 жайтын анықтады. Оның 92-сі құқығы жоқ болса да машина айдаған болса, 30-ы мас күйінде көлік жұргізген. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция депратаментінің бастығы Қайрат Дәлбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Полиция генерал-майоры азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жол-көлік оқиғасын азайту, алдын алу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырды. 

Департаменттің үйлестіруімен Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға, көлік тәртібін арттыруға және апаттар азайтуға бағытталған "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Оған күшейтілген режимде жұмыс істейтін жергілікті полиция қызметінің және басқа да бөлімшелердің 700-ге жуық маманы жұмылдырылды. Көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, маневр жасау ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін басқа да фактілерді анықтауға ерекше назар аударылды.

«3 күндік рейдтік іс-шара барысында тәртіп сақшылары 4525 жол қозғалысы ережесін бұзуды тіркеді, оның ішінде 423 жол берілген қоғамдық көлік жүргізушілері. Полицейлер мас күйінде 30 жүргізушіні және бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 2 жүргізушіні ұстады. Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдардың 92 фактісі анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 127 автокөлік құралы айыптұрағына қамалды.

Сондай-ақ, жылдамдықты асырған – 137, қарсы жолаққа шыққан – 32, маневр жасау ережелерін бұзған – 103, бағдаршамның тыйым салатын сигналына шыққан – 24 және жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде жол бермеген 116 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың 864 фактісі, көлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың 422 жағдайы, заңсыз қайта жабдықтаудың 25 және техникалық байқаудан өтпеудің 79 фактісі анықталды. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 726 жаяу жүргінші жауапқа тартылды» деп жазды Қайрат Дәлбеков.

полиция.jpg

Сонымен қатар, «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында жергілікті полиция қызметінің мамандары жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы түсіндірме қағаздарын таратқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер