200 мың теңгеге туысының атынан несие рәсімдеп, арам ойын жүзеге асырған жас қыз ұсталды.
Бұл жайт Түлкібас аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің қырағылығымен ашылды. Бүгінгі таңда жас қыз өзінің кінәсін мойындап отыр. Алайда тергеушілер оның тағы да басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар жоқтығын анықтауда. Сондықтан төлқұжатыңызды және жеке басыңызға қатысты мәліметтерді тіпті туысыңыз болса да, ешкімге бермеңіз. Сұраған жағдайда не үшін қажет болғанын не мақсатпен екендігіне толық көз жеткізіңіз.
Сонымен қатар ватсап мессенджер арқылы да өзіңізге қатысты құжаттардың фотосын жібермеңіз және өзгеге құжатта көрсетілгендей етіп нақтылап жазбаңыз! Алаяқтардың мың түрлі құрығынан сақ болу үшін осындай қарапайым әдістерді ұстанғаныңыз жөн!