Полиция қызметкерлері дәмханаға кіріп ұрлық істеген күдікті ер азаматты ұстады
Қазығұрт аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып келеді. Ол арызында өзінің жеке Шағын дәмханасына белгісіз азаматтың түнгі уақытта заңсыз кіргенін айтады. Ішінде тұрған кассадағы 72 500 теңге ақшасын, 2-дана садақа жәшігіндегі ұсақ ақшаларды және тоңазытқыш ішінде сақталған 35 000 теңге болатын еттерін ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын көлемі 107 500 теңгені құрайды.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Қазығұрт АПБ- нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдікітіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.
Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген іздестіру жұмыстары барысында күдікті 2 күн ішінде өзінің үйінде ұсталды. Ол бұрын сотты болған Қазығұрт ауданының тұрғыны болып шықты. Ұсталған ер азамат бұрындары осындай жолмен тұрғындардың мүлкін ұрлап, жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.
Тергеу барысында анықталғандай күдікті өз арам ойын іске асырғаннан соң, ұрланған заттарды сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Полицейлер күдіктіге қатысты тергеуді жалғастыруда.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді.Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар.
Егерде сіз ұрлықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, міндетті түрде тез арада полицияның «102» нөміріне хабарласыңыз.