Заңсыз балық аулағандардың жолын кесті

2845b393-faed-46b4-9d82-f1c4d3222f55.jpg

Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден 150 кг-нан астам балықты тәркіледі

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 12 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Түркістан облысының аумағында "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасының өткізіліп жатқаны айтылған болатын. Оның негізгі мақсаты: табиғат қорғау заңнамасын бұзу мен заңсыз балық аулаушылардың жолын кесу, оларға қатысты жайттарды анықтау және экологиялық қылмыстарды ашу.

"Браконьер" жедел алдын алу шарасының 8 күнінде Түркістан облысы ПД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасы саласында 3 экологиялық қылмыс пен 159 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден барлығы 12 дана тіркелмеген қару, 152 келі заңсыз ауланған балық, екі қырғауыл, 3 қайық пен 200 метрден астам балық аулауға арналған торлар тәркіленді.

Мәселен, рейдтік іс-шаралар барысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Келес АПБ учаскелік инспекторларымен бірге Сырдария өзенінің жанындағы электрлі аудың көмегімен балық аулаумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдіктіден электрлі тор, қайық пен балықтарды тәркіледі. Тәртіп сақшылары ер адамды балық аулаған заңсыз құралдарымен бірге аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Екі тәулік өткен соң Шардара аудандық полиция бөлімінің полицейлері Шардара су қоймасының жағасында "Қытай торының" көмегімен заңсыз балық аулап жүрген тағы екі браконьерді ұстады. Олар Жетісай ауданының тұрғындары. Ұсталған азаматтардан тәртіп сақшылары заттай айғақ ретінде қайықты, 100 метр балық аулау торы мен 126 келі балықты тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған жайттарға қатысты ҚР ҚК 335-бабы "балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 159 жайтын анықтады. Оның ішінде 27-сі жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын бұзу, 40 балық аулау ережелерін бұзу, 80 қаруды сақтау тәртібін бұзу, 3-еуі қаруды заңсыз сатып алу мен сақтау және 9-ы басқа да құқық бұзушылықтар бойынша анықталды. Сонымен қатар 2 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға браконьерлік пен табиғатты қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды бұзбауға шақырады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер