Ақсақал полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

0553f1e3-1654-4cce-bbd4-4ac282ae2006.jpg

Арыс АПБ-нің Көші-қон полиция қызметкерлері 74 жастағы ақсақал Маликов Садуәқастың құжаттарын қайта рәсімдеп берді. Қарт атайдың жеке куәлігінің мерзімі өтіп кеткен.

Аталған құжатын жаңартып, дайындап қолына табыстағаны  үшін қария ақ батасын берді. Арыс ауданы полиция бөлімінің көші-қон тобының қызметкерлеріне: «Менің куәлігімнің мерзімі бітіп қалған еді. Арыс қаласының  көші-қон полицейлері сөзімді жерге тастамай, құжаттарымды түгелдеп, аз уақыт ішінде қолыма тапсырды. Барша полиция қызметкерлеріне алғысым шексіз. Істері алға баса берсін.»-деп, жылы лебізін жеткізді.

Айта кеткен жөн, Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, 55 жастан асқандарға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Алмас Кішкенбаев: Мені кінәлап тастайды. Қайдағы біреу
  • Түркістанда бюджет қаражатын жымқырған білім бөлімінің басшылары сотталды
  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер