Түркістан облысының полицейлері облысымыздағы жағдайы төмен отбасымен мүгедек жандарға әрқашан қол ұшын созып жүреді. Осындай көмекпен Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері жүріп тұруы қиын Исмайлов Жұмағалиге көмек берді. Бұл азамат 15 жыл бұрын жол көлік оқиғасына түсіп екі аяғынан айырылған болатын. Осы оқиғадан кейін ол жалғыз өзі тұрады. Аудандық полицейлер ағамыздың үйіне барып, хәл жағдайын сұрап қаржылай көмектерін көрсетті.
Жұмағали Исмайлов өз сөзінде «Тәртіп сақшыларының көрсеткен көмектеріне өз қызметтік міндеттерін жоғары дәрежеде көрсетіп жүргендеріне, сонымен қоса Арыс АПБ –нің бастығы полиция полковнигі Нұрлан Исабековке алғысымды айтамын» - деп ризашылығын жеткізді. Осындай игі іс-шараларды Арыс аудандық полиция бөлімі ай сайын ұйымдастырып тұрады.
Қашанда қолдан келгенше қайырымдылық жасауды парыз деп түсінген Арыс АПБ-нің полиция қызметкерлері тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандарға арналған игі істеріміз бұдан әрі де өз жалғасын таба береді деп сеніммен айтты . Қайырымдылық ол қадірлі іс, сондықтан полицейлер әрдайым мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын! Бастысы тұрғындардың амандығы!