Полиция қызметкерлері Сарыағаш ауданы көлемінде жасы кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жүргендерін анықтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізді. Атап айтқанда Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының инспекторлары, аудандық білім бөлімі, жергілікті әкімшілік және «СӘТ» телеарнасымен бірге бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды. Нәтижесінде, заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүргендері үшін 5 жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Тексеру барысында 3 жасөспірімнің ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлімі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша ата-анасына әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар ойын сауық орталығының иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Түнгі рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында, Сарыағаш қаласы көшелерінің бірінде орналасқан интернет орталықтарының бірі карантин талаптарын сақтамағаны анықталды. Сондай-ақ заңды шара көру үшін, жиналған құжаттардың барлығы СЭС-ке жолданды. Шара барысында кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, заңды тұлғаның еріп жүруінсіз жасөспірімдердің көшеде және түнгі уақытта ойын-сауық орталықтарында болуын бақылау аясындағы қарқынды жұмыстар жүргізілді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.