​Бас полицейі аудандардағы учаскелік полиция инспекторларының жұмысын бақылады

125406602_1033900543752300_1120304969873072513_o.jpg

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеруді және қолжетімді полиция қағидаты бойынша жұмыстарын атқаруына тоқталып, полиция қызметіне тұтас реформа жүргізу қажеттілігіне назар аударған болатын. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиянақты атқаруда Түркістан облысы Полиция департаменті бірқатар шараларды жүзеге асыруда. 

Мәселен, күні кеше Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков облыстағы бірнеше ауданға арнайы іссапармен шықты. Облыстың бас полицейі бірінші кезекте Ордабасы ауданына ат басын тіреді. 

Онда жақында ғана күрделі жөндеуден өткен учаскелік полицияның тірек пунктерінің жұмысын көрді. Тұрғындармен тікелей тілдесіп, учаскелік инспекторлармен бетпе-бет жүздесті. Оған қоса Шұбарсу ауылдық округіндегі №10 тірек пунктіне жауапты учаскелік полицейге қызметіне арналған соңғы үлгідегі компьютерді сыйға тартты. Өзінің іссапарын одан әрі қарай жалғастырған басшы Төлеби ауданына да аялдады. Онда полиция бөлімінде салынып жатқан полицейлердің шынығуына арналған алаңша мен тирдің, мәжіліс залының және бірнеше тірек пунктерінің күрделі жөндеу жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілгенін көрді. 

Сондай-ақ полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков: "Облыс көлеміндегі барлық учаскелік тірек пунктері ҚР ІІМ талабына сай болуы тиіс. Бұл ретте жөндеуді қажет ететін ғимараттар жөнделіп, учаскелік полиция инспекторларының халықпен кері және тығыз байланыста болып, қылмыстардың алдын алуы үшін барлық жағдай жасалатын болады. Полицейлерден талап етілетіні өз жұмыстарын жоғары деңгейде атқарып, қызметіне әрқашан адал болуы," - деді. 

Айта кетейік, жақында ғана ҚР ІІМ-нің арнайы алғыс хатымен Түркістан облысының үш бірдей учаскелік полицейі Нұр-Сұлтан төрінде марапатталып, бір учаскелік полицейге заманауи үлгідегі су жаңа қызметтік көліктің кілті табысталған болатын. Киелі өңірде учаскелік полиция инспекторларымен "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы да жалғасуда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер