Түркістан облысында тірек пунктер тексерілді

813d2a8d-8eca-4988-869c-52d87648b288.jpg

Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан халқына жолдауында:  учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін көтеру және  қолжетімді полиция қағидаты бойынша жұмыстарын атқаруына толықтай тоқталып, полиция қызметіне тұтас реформа жүргізу қажеттілігін айтқан болатын. Осыған байланысты Жергілікті басқарушы орган Арыс ауданы әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы және Арыс ауданы Полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Исабеков Нұрлан Амангелдіұлы екеуі бірлесіп Арыс ауданы аумағында орналасқан учаскелік полиция тірек пунктерін тексеріп қайтты.

 Бұған қоса тірек пунктерге керек-жарақтар тізімін айқындау үшін жылу қазандықтарының бар- жоқтығы, жөндеу жұмыстары мен әлеуметтік желіге шығатын тиісті кабельдер тартылғандығын толықтай қарап шықты. Сонымен қатар  жолды бағыттайтын «бағыттауыш таяқшаларын» тағы да басқа жабдықтарын  қамтамасыз ету үшін тиісті тізімді істеді. Кездесу барысында аталған жабдықтарға байланысты жақын арада  қаржы бөлу туралы шешім қабылдап, тез арада  осы жұмыстардың атқарылатындығы туралы мәселе қаралды. 

Қоғамдық тынышытықты сақтайтын полиция қызметкерлері алаңсыз жұмыс жасау үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда, алдағы уақытта да жалғаса бермек.  Түркістан облысында да бұл жұмыстар жүйелі жүзеге асырылуда деп айта аламыз. Оған осындай кездесулер, тексерулер дәлел! 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қызмет бабында қаза болғандардың жұбайларына құрмет көрсетілді
  • Бір күнде 4 ұрлыққа қатысты күдіктілер ұсталды
  • Түркістандық полицейлер республикалық сайыстан жүлдемен оралды
  • Түркістанға арнайы мамандар келді
  • Төлеби ауданындағы жер дауы Мұрат Қабденовтың бақылауында болады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер