Түркістан облысы ПД ЖПҚБ-ның тоқсандық жоспарына сәйкес, Кентау қаласы аумағында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу, ескерту жұмыстарын атқару мақсатында, ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар аралығында «Жаcөспірім» алдын алу профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған шараның мақсаты-кәмелетке толмағандармен, оның ішінде топта жасаған кылмыстарды, кәмелетке толмағандарды алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну, олардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс және ойын-сауық орындарда болу жайттарын анықтау және жолын кесу. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардан заңсыз сақталатын заттарды тәркілеу болып табылады. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандарга құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру үшін кездесулер мен семинарлар өткізілді.
Жоғарыда көрсетілген өкілетті органдардың өкілдерінің қатысуымен түнгі уақытта жасөспірімдердің ойын-сауық мекемелерінде Заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз және тұрғынжайдан тыс жерлерде болған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде түнгі мезгілде ата-анасының еріп жүруінсіз мекенжайдан тыс жерде жүрген кәмелетке толмаған 7 жасөспірім анықталып, олардың ата - аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-6абы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 1 ойын-сауық мекемесінің қызметкеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен «Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру» хаттама толтырылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар балаларының тәрбиесін кадағаламаған 1 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабымен «Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау» әкімшілік хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды. Іс-шара барысында, Кентау қаласының ПБ ЖПҚ ЮПТ есебіне әртүрлі жағдайлармен 1 жасөспірім және 2 күрделі жанұя есепке алынды.
Сондай-ақ Арыс ауданында да «Жасөспірім» іс-шарасы өз жалғасын табуда. Арыс АПБ-ның қызметкерлері оқу орындарында, мәжіліс залдарында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты ұйымдастырылған рейдтік жұмыстардың нәтижесінде, түнгі сағат 23:00 шамасында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің тұрғынжайдан тыс жүргендері анықталды. Аталған жайтқа байланысты жасөспірімдердің ата-аналары шақыртылып, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабымен 9 хаттама түзілген.
Осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады. Әрбір ата-ананың назарына, кәмелет жасына жетпеген балаларын қараусыз қалдырмауды, бала тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуды ескертеміз. Сондықтан ата-аналар өз балаңыздың өміріне жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.