​«Мүгедектікке шығарып беремін» дейтін алаяқ әйел ұсталды

Screenshot_5.jpg

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полицейлері мүгедектікке шығарып беремін деген сылтаумен бірнеше тұрғынның ақшасын алып,  өткен жылдың шілде айынан бері алдап келген күдікті әйелді ұстады.

Нақтырақ айтсақ, жергілікті тұрғынның сырттай танысы «қызын мүгедектікке шығарып беремін деп» алдап, құжаттарымен бірге 145 000 теңгесін алған. Осы уақыт аралығында мүгедектікке шыға алмаған, ақшасын қайтара алмаған тұрғын алданғанын түсініп, аудандық ПБ-ға арызданды. Сонымен қатар мүгедектігін растайтын анықтама алып беремін деген күдіктінің сөзіне сенген  егде жастағы тағы бір тұрғын полицейлердің көмегіне жүгінді. Ол алаяққа 350 000 теңге ақша берген. Алайда күдікті осы уақытқа дейін анықтамасын, не болмаса ақшасын да бермеген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары  жәбірленушілердің арызына орай,  шұғыл түрде іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған Шымкент қаласының  әйел тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысының полицейлері алаяқтардың арбауына ермей, кез келген мәселеңізді заң жүзінде шешіңіздер деп ескертеді. Егер де, сіз, алаяқтық қылмысына куә болсаңыз немесе құрбаны болсаңыз «102» нөміріне шұғыл хабар беріңіздер. Өйткені дер кезінде берілген ақпарат,  қылмыстың тез ашылуына ықпал етеді.

ТО ПД баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер