Вьетнамдық компания еліміздегі әуежайлардың бірін сатып алмақ

image.png

Вьетнамдық SOVICO Group компаниясы еліміздегі әуежайлардың бірін сатып алуға ниетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты деп жазады RGmedia.kz тілішісі. 

— Вьетнам — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең үлкен серіктестеріміздің бірі. 2023 жылы тауар айналымы 1 млрд долларға жуықтады. Алайда, объективті себептерге байланысты біршама төмендеп кетті. Өткен жылды 879 млн доллармен аяқтадық. Негізінен ол жаққа жартылай фабрикаттар, шикізат, мырыш, қорғасын, мыс үлкен көлемде жеткіземіз. Ол жақтан тұрмыстық техника мен өңделген тауар аламыз. Вьетнамда бұл сала өте жақсы дамыған. Мемлекет басшысының соңғы сапары барысында Вьетнамның индустриялық аймағына да барған едік. Өте қатты ұнады. Ол жерде жапондық және Оңтүстік Кореялық компаниялар жұмыс істейді. Өздерінің өндірістерін жолға қойған. Шарттары өте жақсы. Бұл салада олардан үйренетін дүниелеріміз бар, — деді ол.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Енді үй кезегіне оңай тұра аласыз
  • Экономист: Такси жүргізушілері елдегі орташа жалақыдан көп табады
  • Айдос Үкібай: Сара Алпысқызы ауруханада ем қабылдап жатыр
  • Руслан Берденов мәлімдеме жасады
  • Вьетнамдық компания еліміздегі әуежайлардың бірін сатып алмақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер