1 млрд доллар өтемақыны бірден төленбейді

Screenshot_1.jpg

Осыған дейін Қазақстан Үкіметі мен Қарашығанақ жобасының акционерлері арасында келіспеушіліктер туындаған. Алайда жақында тараптар ортақ мәмілеге келді. Аталған мәмілеге сәйкес Қарашығанақ консорциумы Қазақстанға 1 млрд 111 млн доллар өтемақы төлейді. Алайда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев аталған өтемақы бірден төленбейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Baq.kz тілшісі.

«Өтемақы мәселесіне тоқталайын. Қарашығанақ жобасының акционерлері Қазақстанға 1 млрд 111 млн доллар көлемінде өтемақы төлеуге келісті. Қаржы 3 жылдың ішінде төленеді: 2019 жылы 400 млн доллар, 2020 жылы 500 млн доллар, 2021 жылы 211 млн доллар. Бұл қаржы Ұлттық қорға түседі», - деді министр Астанада өтіп жатқан дүниежүзілік мұнай кеңесінің отырысына арналған брифингте.

Айта кетейік, Қарашығанақ жобасының акционерлері құрамына Эни, Шелл, Шеврон, Лукойл және ҚазМұнайГаз компаниялары кіреді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Дүниежүзілік мұнай кеңесінің (World Petroleum Council) отырысы өтуде. Отырыс 3-қазанға дейін жалғасады. Оған 63 елдің салалық министрліктерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ірі трансұлттық компаниялар басшылары, ОПЕК мүшелері қатысуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер