Тұрғындарға қала мәртебесіне сай жағдай жасалуда

Screenshot_2.jpg

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Түркістан облысының Арыс қаласында 16 нысан ел игілігіне пайдалануға берілді. «Мәңгілік ел» саябағы мен «Құрметті азаматтар» аллеясы сол нысандардың бірегейі. 

Биіктігі 16 метр болатын «Мәңгілік ел» монументі орнатылған саябақ жасыл желекпен көмкерілген. Демалыс орнының құрылысына 79 миллион теңге қаржы жұмсалыпты. Қала орталығында таза ауамен тыныстап, алаңсыз серуендеуге болатын саябақтың жол жиегіне жайлы орындықтар мен әсем шамдар орнатылған. «Құрметті азаматтар» аллеясы да қала тұрғындарының көз қуанышына айналды. Ауданның дамуына өлшеусіз үлес қосқан Арыс қаласының құрметті азаматтарының есімдері тасқа қашап жазылған аллея құрылысына 47 млн теңге жұмсалған.  

 Сондай-ақ Арыс қаласында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Жуырда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаладағы «Көктем» шағынауданынан бой көтерген 3 тұрғын үйдің, яғни 108 пәтердің кілті баспанаға мұқтаж, үй кезегінде тұрған отбасыларға табыс етілді.  «Көктемде» тағы да 3 қабатты  3 тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында қалада 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті орындарға сұраныс жолданған. Ал 8 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.  Биыл 2 млрд. 35 млн. теңгеге 31972 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй ел игілігіне беріліп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 124 пайыз болып отыр.  Жалпы қалада құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 67 млн. теңге болып, нақты көлем индексі 95,8 пайызды құраған. Әлеуметтік нысандар, соның ішінде білім ошақтарын салуға басты назар аударылуда. Бұл орайда «Наурыз» және «Отырар» тұрғын аудандарында 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға жергілікті бюджеттен 11 млн. тенге қаржы бөлініп, мемлекеттік сараптама қорытындылары алынған, ал 48 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасалған. Өндірістік кәсіпорындар құрылысы да жоспарланған мерзімде жүргізіліп, жаңа жұмыс орындарының ашылуда. Арыс қаласының әкімі Мұрат Қыдырбектің мәлімдеуінше, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы аясында «Арыс минералды су» ЖШС-і құны 250 млн. теңгелік, жылына 18 млн. литр минералды су және басқа да алкогольсіз сусындар шығаратын, 50 адам жұмыспен қамтылған  цехты іске қосқан. Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасынан тыс құны 1 млрд. 360 млн. теңгелік 6 жобаның есебінен жаңадан 102 жұмыс орындарының ашылуы жоспарланса, 4 жоба іске қосылып, оларда 85 жұмыс орны ашылыпты. Алдағы уақытта атқарылар жұмыстар да ауқымды. Мысалы, «Сым-Тас» ЖШС-і құрылыс материалдарын, атап айтқанда керамзит кірпіштер шығаруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Арыс қаласының оңтүстік мөлтек ауданынан 2019-2020 жылдары шетелдік және жергілікті компаниялар бірлесіп, жылына 12 мың дана толық циклды вагондар шығаратын, жалпы құны 82,0 млрд. теңге болатын зауыт салмақ. Бұл жоба аясында 1500-ге жуық адам жұмыспен қамтылатын болады. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастау жоспарланған. Қазан айында Қожатоғай ауылдық округінде «KazGreenTekSolar» серіктестігі француздық компаниямен бірлесіп, 30 гектар жерге құны 7 млрд. теңгелік қуаттылығы 14 мВт болатын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіретін станцияның құрылыс жұмыстары басталған. Одан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұсынысы негізінде қуаттылығы 50 мВт-ты құрайтын күн сәулесінен қуат өндіретін станция салынатын болады. Қала әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, жыл басынан бері тартылған инвестиция көлемі де көбейген. Нақтырақ айтсақ, 6 млрд. 108 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 107 млн. теңгеге артқан. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімнің және ұсынылған қызметтер көлемі 20 млрд. 457 млн. теңгеге жетіп,  өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызға артқан. Ал өндірілген жалпы ішкі аймақтық өнім көлемі 25 млрд. 367 млн. теңге болыпты. Өнеркәсіп кәсіпорындарында 4 млрд. 219 млн. теңгенің өнімі өндірілген. 

Screenshot_4.jpg

Screenshot_1.jpg

Screenshot_3.jpg

Кәсіпкерлікті дамытуда шағын несие беру де ерекше рөл атқарады. Алғашқы қолдау арқылы өз кәсібін ашып, табысқа жеткендер аз емес. Осы орайда шағын несие ұйымдары арқылы 2748 адамға барлығы 1 млрд. 529 млн. теңге несие берілген. Оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржы ұйымдары арқылы 76 адамға берілген несие көлемі 426 млн. теңге. Қалаға қарасты ауылдық округтердің еселі еңбегінің нәтижесінде биыл 12 млрд. 521 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндіріліп отыр. Жылыжай  6,1 гектарға салынған, 905 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген. Төрт түлік мал саны көбейтіп, ұлттық сусындарды ұсынып отырған шаруашылықтар қатары артуда. Солардың бірі Дермене ауылдық округінің Саналы бөлімшесінде «Желмая» АШӨК-і  күніне 500 литрден 1,5 тоннаға дейін шұбат өндіреді. «Желмаяның» шұбаты бүгінде Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберілуде. Өндірістік кооператив келесі жылы түйе сүтінен йогурт өнімін өндіруді және сауынды түйелерді 400 басқа дейін арттыруды жоспарлап отыр. Ал «Ордабасы құс» ЖШС-і Ақдала ауылдық округінен құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын асыл тұқымды үндік балапанын шығаратын құс фабрикасын салып, 70 адамды жұмыспен қамтымақ. Қала аумағындағы ауылшаруашылық жерлерін ағын сумен қамтамасыз етіп, суармалы жер көлемін ұлғайту да күн тәртібіндегі мәселе. Бұл орайда Дермене ауылдық округіндегі «Саналы» каналын күрделі жөндеуден өткізу арқылы 550 гектар суармалы жерді қайта айналымға қосып, сыйымдылығы 1 млн. текше метрлік тоған салу арқылы суармалы жердің көлемін 1950 гектарға ұлғайту жоспарланған. Жалпы биылғы 10 айда атқарылған ауқымды жұмыстар нәтижесінде қала бюджеті 1 млрд. 186 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121 пайызға артқан.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер