" />
" /> Түркістан облысы әкімінің экс бірінші орынбасары жаңа қызметке тағайындалды- RG media - ақпараттық агенттігі

Түркістан облысы әкімінің экс бірінші орынбасары жаңа қызметке тағайындалды

IMG_560000000 (1).jpg

Павлодар облысының әкімдігінде жаңа тағайындалулар орын алды. Енді облыс әкімінің инвестиция, өндіріс және кәсіпкерлік мәселелері бойынша орынбасары Қайрат Нүкенов болды. Ал облыс басшысының ауыл шаруашылығы саласына жауапты орынбасары ретінде Рүстем Құрманов тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды. 

Павлодар облысының әкімі жиналыс барысында өз әріптестеріне жаңа орынбасарларын таныстырып өтті. Олар басқа жұмысқа ауысқан Жайық Шарабасов пен Дәурен Махажановтың орнына келді.

Енді Қайрат Нүкенов облыстың инвестиция, өндіріс және кәсіпкерлік мәселелеріне жауап беретін болады. Рүстем Құрманов болса, акгроөнеркәсіптік комплекс саласында қызмет етеді.

Бұл тағайындалуға дейін Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеген. Рүстем Құрманов орынбасар болмай тұрып, "ҚазАгро" ұлттық басқару холдингінің басшысы болып қызмет еткен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер