Жас келіншек бірден жеті баланы дүниеге әкелді

babies.jpg

Көрнекі фото

Иракта жас келіншек бірден жеті баланы дүниеге әкелді.

25 жастағы Дияла тұрғыны бір күнде 6 қыз, 1 ұлдың анасы атанды. Жергілікті баспасөз құралдары бір сәтте танымал болған сәбилердің суретін желіге жүктеп, қуанышты жаңалықпен бөлісті Сүйінші жаңалық желіде тез таралып, жаңа туған сәбилер бірден танымал болды. Қалалық денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Фира Әл-Иззави жас ананың сәбилерді табиғи жолмен дүниеге әкелгенін және барлық нәрестенің жағдайы бір қалыпты екенін мәлімдеді. Босану процесі сәтті өтуі үшін босандыруға дәрігерлердің үлкен ұжымы қатысты. Ақыр соңында барлығы сәтті аяқталды, деп жазады stan.kz. 

«Біз көпбалалы болуды жоспарлаған емеспіз, Алла бізге осылай үлкен сый берді, біз оны қабыл алдық», – деп ағынан жарылды бір күнде 7 баланың әкесі атанған Юсеф Фадл. Айта кетейік, Табиғи жолмен жетемнің туылуы Иракта алғаш рет тіркеліп отыр. Десек те, өткен жылы дәл осыған ұқсас жағдай Ливанда тіркелген. Ол кезде әйел 3 қыз, 3 ұлды бірден дүниеге әкелген болатын. Ал одан бұрын ол отбасында 4 бала болған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер