Әлібек Шегебай - Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Screenshot_8.jpg

Бүгін Әлібек Шегебай ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы болып, өңір руханиятының өсіп-өркендеуіне өз үлесіп қоспақ. 

Әлібек Шегебай 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Сүткент ауылында дүниеге келген. 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1997 жылы республикалық «Жалын» журналында жарияланған топтама жырлары үшін Т.Айбергенов атындағы сыйлықты иемденген. 2000 жылы «Өлке» баспасынан жарық көрген «Жас ақындар жырларының антологиясына» өлеңдері енген. 2001 жылы «Отырар кітаханасы» сериясымен «Жазушы» баспасынан «Алакеуім» атты тұңғыш жыр жинағы, 2003 жылы «Үш қиян» баспасынан «Әйнекке түскен сәуле» атты кезекті жыр жинағы жарық көрген. 

Астана қаласында өткен жастардың 5-ші Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты (2002).


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер