Асқар Мамин министрлерге Назарбаевтың сенімінін ақтау керектігін айтты

Screenshot_10.jpg

Үкіметтің жаңа құрамымен өткен бірінші отырысында министрлер кабинетінің басшысы Асқар Мамин үкімет мүшелерін таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Құрметті, үкімет мүшелері! Мемлекет басшысы бізге үлкен сенім артты, біз оның сенімін ақтауымыз керек! Біздің үкіметтің құрамы нақты нәтижелерге бағытталған нақты істердің үкіметі болуы тиіс. Елбасы біздің алдымызға халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруға, экономиканы одан әрі әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірінші кезектегі міндеттерді қойды.

Осындай нақты шаралардың нәтижесінде біз халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға қол жеткізе аламыз. Осы аптада Нұр Отан партиясының съезі өтеді, онда әлеуметтік қолдауды күшейту және адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша бірқатар жаңа шаралар жарияланады. Үкіметтің келесі отырысында біз съезде берген жаңа тапсырмаларды қарастырамыз", - деді Асқар Мамин.

Бұл сөздерден кейін жаңа министрлер- Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстан халқына ант берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер