Әр балаға 20800 теңгені қандай отбасы алатыны белгілі болды

Screenshot_10.jpg

"Нұр Отан" партиясы саяси кеңесіне жаңадан мүше болып сайланған Қазақстан президенті ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева әр балаға 21 мың теңгеден берілетін мемлекеттік жәрдемақының қалай төленетінін айтты.

Мемлекеттік қызметкер көпшілікке алаңдатқан сұрақтардың анық-қанығын Facebook парақшасында түсіндірген.

Аида Балаеваның айтуынша, әлеуметтік докторинаның негізгі мақсаты - әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау және олардың әл-ауқатын арттыру.

Сондай-ақ жаңа атаулы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға көрсетіледі. Яғни көлемі - 14,8 мың теңге немесе күнкөрістің ең төмен деңгейі 50% пайызды құрау керек.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі кедейліктің шегі күнкөрістің ең төмен деңгейі 70% пайызға дейін көтеріледі немесе 20 мың 800 теңге болады. Енді атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтың әр баласына 20 мың 800 теңгеден төленеді", - деп жазды Балаева.

Қазақстан президенті ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі еліміздегі көпбалалы отбасыларға төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған жанұя жататынын да еске салды.

"Көпбалалы отбасының төрт баласы болса, жәрдемақының көлемі 83 мың теңге болады. Анасы жұмыс істемей үйде отыратын болса, оған да атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Сонда бұл отбасының жалпы табысы 103 мың теңге болады", - деп түсіндірді Аида Балаева.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметкер мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар отбасы мен қамқоршысының жәрдемақысы 30% пайызға артатынын да мәлім етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер