"Жемқорлық - ғасыр дерті" атты жас ақындар мүшәйрасы өтті

Screenshot_2.jpg

Еліміздің жарқын болашағы жастарды еліне адал қызмет ететін ұрпақ етіп тәрбиелеу - Біздің басты қағидатымыз.

Жастарды рухани адамгершілік пен азаматтық-патриоттық тәрбиелеуде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бастау алған «Адал жолды таңдаймыз» марафоны аясында мектеп оқушыларының арасында жас ақындар мүшайрасы өтті.

Іс - шара өскелең ұрпақтың бойында құқықтық сауаттылық, жемқорлық көріністерін ажырата білетін, «нөлдік» төзімділік қалыптасқан, білімді, бәсекеге қабілетті қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған.

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін шараға қала мектептерінен 20 оқушы қатысып, «Адал ұрпақ» жайында өз туындыларын оқыса, екінші кезеңде «Өлеңнен өрілген ой» айдарында үміткерлер берілген тақырыптарға сәйкес өлең шығарды, көркемой кестесі мен тақырыпты ашуы, шешендігі, ой жүйелілігі, ұйқасы ескерілді.

Патриоттық тұрғыда өткен шараға қатысқан жас ақындар жоғары деңгейде дайындықпен келген, өз қабілеттерін жоғары деңгейде ашып көрсете білген жас ақындар қазылар алқасы тарапынан алғысқа бөленді.

Screenshot_3.jpg

Айта кетейік, жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны облысымызда алғаш рет өткізілуде.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтетін болады.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

Өз заңын құрметтеп - қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер