Түркістанның Сарыағаш ауданында автожолдар жөндеуден өтеді

cold-asphalt-bulk-b-1 (1).jpg

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданына арнайы жұмыс сапармен барып, бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарындағы  атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Облыс басшысы Қапланбек оқу тәжірибе шаруашылығы аумағынан бой көтеріп жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Мұнда 5 қабатты 45 пәтерлі 13 тұрғын үй салынып жатыр. Өткен жылы бастау алған құрылыс биыл аяқталып пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ауданның бірқатар нысандарын аралап шыққан облыс әкімі аудан басшысына жақын арада атқарылуы тиіс тапсырмаларды жүктеді. Соның бірі аудан аумағындағы тазалаланған су арналарына тиісті талдаулар жасап, тазалау нәтижесінде шыққан қоқыстар жою, шығарып тастау жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ, аудан аумағынан ағып өтетін «Келес» өзенінің бойындағы апатты жерлерді анықтап, өзен арнасын тіктеу, нығайту жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету керек екенін айтты. Одан бөлек, ауданы аумағындағы Республикалық, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына талдау жасап, республикалық, облыстық автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізуді де жүктеді және салынып жатқан көпқабатты үйлердің инфрақұрылым мәселесін тездетіп шешу керек деді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер