ТҮРКІСТАНДА «ЖАҢАРҒАН ТҮРКІСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТБОЛ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ


спорт.jpg


Бүгін Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында "Жаңарған Түркістан" атты республикалық турнир басталды.  

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен БҚО, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, СҚО және Түркістан облысының журналистерінен құралған 13 команда келіп, бақ сынасуда. Турнирдің ашылуында "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Шәмшиддин Пәттеев, Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаев спортшы қауымға сәттілік тілеп, әділ де қызықты ойын өтетініне сенім білдірді. Алғашқы ойындардан-ақ сайыстың тартысты өтетіні байқалып қалды. Қаламы жүйрік журналистер доп додасына да сақадай-сай дайындықпен келіпті. Айта кетейік, футбол жарысына қызығушылық білдірген БАҚ өкілдері еліміздің әр облысы мен қаласынан жиналып, күні кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының киелі орындарын аралап, көне Отырар қалашығының шежірелі тарихымен танысқан болатын. Сондай-ақ республикаға танымал ірі кәсіпорындардың өмірімен танысып, даңқты боксы Б. Саттарханов атындағы бокстан халықаралық турнирдің ақтық мәресіне қатысты.

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер