Жасөспірімдер қылмыстық әрекеттердің бестен бір бөлігін жасауда

Screenshot_3.jpg

Бүгін Шымкент қаласындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясының Шымкент қалалық филилалының ұйымдастыруымен «Кәмелетке толмаған жастар арасындағы құқық бұзушылық: мәселелерін шешу жолдары» атты студент жастармен кездесу болып өтті. 

Кездесуге Жоғары жаңа технологиялар колледжінің директоры Қанатбек Досалиев, Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық прокуратурасының прокуроры Абдрахим Баймұхамбет, Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының азаматтық істер бойынша жетекші маманы Мөлдір Ахметова, Әл-Фараби ПБ ӘПБ ЮПТ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Ердәулет Сағындықов т.б. қатысты. Жиында құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық құқық бұзушылық пен теріс қылықтар жасаған жастарға күнделікті қолданылып жатқан жазалар туралы айтып берді. 

- Бүгінгі жасөспірімдер келешек өмірдің тізгінін қолға ұстайтын ертеңгі азаматтар. Олардың алдағы атқаратын іс-әрекеттері бүгінгі ісімен тығыз байланысты. Жасөспірімдер қылмыстық әрекеттердің бестен бір бөлігін жасап жатыр. Олар қылмыс жасай отырып өз басына ғана емес, қоғамға, отандастарына, ата-ана, туған-туысқандарына да зиян келтіріп отыр. 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы статистикалық мәліметіне келетін болсақ, Әл-Фараби ауданы бойынша 7 қылмыс тіркелді. Оның 3-і ауыр, 4-і орта дәрежедегі қылмыс. Атап айтқанда, 2 - алаяқтық, 3 - тонау, 1 - ұрлық, 1 бұзақылық.  Ал осындай құқық бұзушылықтың алдын алу үшін бала тәрбиесіне саналы түрде мән беріп, жас ұрпақтың бойында құқықтық мәдениет қалыптастыру қажет. Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени спорт кешендерін салу керек. Ата-аналарды да оқытатын арнайы құқықтық білім беру орындарын ұйымдастыру,  колледж,  ЖОО студенттерінің ата-аналарымен байланысты одан ары нығайту қажет. Еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, осы бастан мемлекеттің болашағын түзу жолға салған дұрыс. Сіздер, келешек үлкен мамансыздар, қоғамда тәртіп бұзбай үлгілі азамат болуға ұмтылыңыздар, - деді А.Баймұхамбет.  

Кездесуде қоғам белсенділері кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен жастар арасындағы орын алып жатқан құқық бұзушылықтарға алаңдаушылық білдіріп, жастарды теріс әрекет жасаудан сақтандырып, үлгілі азамат болуға шақырды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер