Нұр-Сұлтан қаласында жаңа шіркеудің алғашқы тасы қаланды

Screenshot_2.jpg

Бүгін елорда төрінде православие христиандарының ғибадат етуіне арналған үлкен шіркеудің құрылысы басталып, алғашқы тасы қаланды. Салтанатты іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысты деп хабарлайды Baq.kz.

«Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ислам мен православие - бұл ортақ үйіміздегі рухани келісімнің екі тірегі екенін үнемі айтып отырады. Еліміз әрдайым әр түрлі дін өкілдері мен мәдениеттердің ортақ үйі болып қала бермек. Қазақстан аумағында сан алуан этностардың өкілдері бірлік пен татулықта тұрып жатыр. Олардың барлығы өздерінің діни рәсімдерін өткізіп, ғибадатханаларын сала алады. Оның ішінде орыстың православие шіркеуі талай жылдар бойы қоғамның рухани құндылықтарын күшейтуге өз үлесін қосып, дінаралық келісімді насихаттауда мемлекеттің сенімді серігі болып келе жатқаны жасырын емес. Жалпы, православие шіркеуі еліміздегі дінаралық келісімді күшейтуге өз үлесін қосып келеді», - деді Дәурен Абаев.

Қазақстан  митрополиті Александр жаңа  шіркеу туралы ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, шіркеудің құрлысы үш жылға жоспарланған.

«Елорда тұрғындары бірнеше жылдан бері Президентке, Үкіметке, қала әкімдігіне сол жағалауда жаңа шіркеу қажет екенін айтып, талай рет хат жазды. Өтініш жасағандардың арасында өзім де бармын. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ресми түрде рұқсатын беріп, құрылыс бастауын алатын болды. Өздеріңіз білесіздер, наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің тасы қаланған болатын. Ол жерде бір уақытта ислам дінінің өкілдері бір уақытта 30 мың адам намаз оқи алады. Ал православие христиандары діни қауымдастықтар арасында Қазақстанда екінші орында. Жаңа шіркеу Сығанақ көшесінің бойымен Жағалау тұрғын үйіне жақын жердегі көлдің жағасында орналасатын болады», - дейді Қазақстан митрополиті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер