700-ге жуық саяхатшы келді

fd769de22295bf2b380c7f98e3056a3a.jpg

«Оңтүстік аңыздары» атты туристік экспедицияның 700-ге жуық саяхатшысы көне шаһар – Түркістанға аялдады. Олар бұған дейін Жамбыл облысының көрікті жерлерін аралап келген болатын. Экспедиция мүшелері аты аңызға айналған Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасап, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты. Қорық-музейді аралады. Еліміздің барлық өңірлерінен келген қонақтар Қазақ хандығының орталығы болған Түркістан қаласының көрікті орындарымен танысты. «Оңтүстік аңыздары» бағытының авторы, өлкетанушы Ерлан Сыздықтың айтуынша,  саяхатшылардың алған әсерлері керемет.  Саяхатшыларды өлкенің табиғаты мен аңыздары қатты қызықтырған.  Егер сұраныс болса,  осы бағыт бойынша туристік бағыт жалғасын табатын болады.  Осы арқылы Түркістанның да  туризмін  дамытуды көздеп отыр. 

Айта кетейік, Марғұлан Сейсембаевтың бастамасымен құрылған экспедиция құрамында елге танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өлкетанушылар, блогерлер мен журналистер, өнер қайраткерлері, кәсіпкерлер мен спортшылар және өзге де сала өкілдері бар.  Саяхатшылар өз кезегінде  Түркістан қаласындағы туризм саласының болашағы зор екенін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Түркістанда ветеринария саласында 928 млн теңге жымқырылып, 4 адам қамауға алынды
  • БҰҰ Бас хатшысы Ливандағы бітімгершілік күштерінің жаралануын айыптады
  • Қазақстанда баланың туа біткен даму кемістіктерін анықтау 12,5%-ға артты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер