Ұлыбритания Түркістанның дамуына ат салыспақ

defe38392446abd7d8c9a690ff4be4b9.jpg

Ел экономикасының басты қозғаушы күші – туризм саласы екені анық. Тарихи ескерткіштерге бай Түркістан қаласының осы орайда туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндігі зор. Туризм бағытына аса көңіл бөліп келе жатқан облыс әкімі Өмірзақ Шөккеев кеше Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Майкл Гиффордпен кездесті. Мұндағы мақсат  әрине туризммен өндіріс саласындағы әріптестікті таныту.

    Басқосуда өңір басшысы алдымен елшіні жаңа облыс орталығының даму жоспарымен таныстырды. «Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен жаңа Түркістан облысы құрылып, оның орталығы ретінде көне Түркістан қаласы болып бекітілді. Күллі Түркі халықтарының рухани түп қазығы саналатын Түркістанда ислам әлемінің жарқын тұлғасы Ясауи, сондай-ақ күллі қазақ халқының тұлғалары мәңгілік мекен тапқан. Кешегі Ұлы Жібек жолы, бүгінде Батыс Қытай-Батыс Еуропа магистралі бойында орналасқан тарихи қаланың қазіргі таңда екінші өмірі басталды. Ясауи кесенесі туристер үшін «Рухани орталық» ретінде қайта жаңғыратын болады. Бұдан өзге, «Әкімшілік-іскерлік орталық» бой көтереді. Шаһардың әлемдік байланысын арттыру үшін теміржол, әуе қатынастары қарқынды дамиды. Болашақта Самарқанд-Бұқара-Түркістан туристік бағытын қалыптастыру жоспарланып отыр», – деді Өмірзақ Естайұлы.

     Майкл Гиффорд алдағы уақытта Ұлыбританияның туристік компаниялары әріптестік байланыс орнатуға әзір екенін жеткізді.  «Түркістан қаласындағы Ясауи кесенесі ЮНЕСКО сынды халықаралық ұйымның тізіміне енген Орта Азиядағы баға жетпес жауһарлардың бірі. Осының өзі әлем туристерін қызықтырады. Қазір туристер үшін көне заманнан бері сол қалпында сақталған жәдігерлер құнды», – деді елші.

     Айта кетейік, бұл елшінің Түркістан қаласына жасаған алғашқы сапары. Осыны ескерген облыс әкімі Гиффорд мырзаға сый-сыяпат жасады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер