ІІМ министрі Қазақстанда ең көп тараған қылмыс түрін айтты

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов халыққа есеп беру кездесуінде еліміздегі қылмыс санына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, республикада үй тонау, ұялы телефон ұрлығы және ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр. 

"Өткен жылдан бастап елiмiзде қылмыс көрсеткiшi төмендеп келедi. Мұндай жағдай барлық өңiрде байқалып отыр. Мәселен, биыл Қазақстанда қылмыс деңгейi 12 процентке азайған. Оның iшiнде тонау 15%-ға, адам зорлау 14%-ға, ұрлық 12,2%-ға, бұзақылық 19%-ға төмендеген. Қоғамдық жерлер мен көшелердегi қылмыс көрсеткiшi азайған", — дедi Қасымов.

Ол Қазақстанда ең көп тараған қылмыс түрi – бөтен адамның мүлкiн тонау екенін атап өтті. 

"Оның көрсеткiшi 67 процентті құрайды. Ал кейбiр өңiрлерде одан да көп. Мәселен, Алматыда 73%, Алматы мен Ақтөбе облыстарында 71%, Ақмола және БҚО-да 70%-ды құрайды. Әрбiр бесiншi тонау фактiсi азаматтардың пәтерi мен үйiнде жасалады. Сондай-ақ, ұялы телефон ұрлығы әлi де кең тарап отыр. Ал ауылды жерлерде мал ұрлығы басылмай тұр", — дедi ведомство басшысы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Трамп Үндістан мен Пәкістандағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын екенін мәлімдеді
  • Үшінші рет президенттікке үміткер болу жоспарымда жоқ – Трамп
  • АҚШ пен Украина тарихи келісімге қол қойды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер