ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігің атауы ауысты

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде жаңа министрліктің құрылуы туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Ақорданың ресми сайтында бүгін кешке "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін бұдан ары жетілдіру шаралары туралы" жарлық жарияланды.

Жаңа құжатқа сәйкес, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің атауы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі деп өзгерген.

Жарлық мәтінінде жаңа министрлік Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі қызметін атқаратын болады.

Аталған жарлық қол қойылған күннен астап күшіне енеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Министр ел бюджетінің донор өңірлерін атады
  • Қазақстан ресми түрде апорттың отаны болып мойындалды
  • Тоқаевты туған күнімен кімдер құттықтады?
  • Украина Президенті Түркияға барды
  • LRT ісі: Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер