Сауран ауданында салынған инвестиция көлемі артқан

Жолдауда Президенттің қойып отырған талабы шағын және орта бизнесті дамыту. Сауран ауданы бойынша жеке инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстардың барысы туралы аудан әкімдігі  кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Б.Шәріпбековтің айтуынша, 2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгеге орындалған.

Screenshot_21.jpg

Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 6,8 миллиард теңгеге жетті. Ал өңдеу өнеркәсібінде 4,4 миллиард теңге болса, жыл басынан бері шағын және орта бизнес көрсеткіші 5371 субъектіге жетті. Сондай-ақ ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын бейнелейтін 59 индикатор мен 5 көрсеткіші кәсіпкерлік және туризм бөліміне қарасты. Соның ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялар нысаналы индикаторына кіреді. 

2022 жылдың тоғыз айында негізгі капиталға 12,8 миллиард теңге инвестиция бағытталған. Өткен жылмен салыстырғанда ол 166,7 пайызға артып отыр. Жыл басынан бері тоғыз айда жеке инвестициялар көлемі 8 миллиард теңгені құраса, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 37,5 пайызға жоғарлаған. Бөлім тарапынан көрсеткішке қол жеткізу үшін қазіргі уақытта ауылдық округ әкімдіктерімен аудандық ауылшарушылық, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан бірқатар жобалар бойынша есеп тапсырылған. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 2 қарашасына дейінгі 10 айлық көрсеткішімен ұлттық статистика бюросы департаментіне 2,7 миллиард теңге инвестиция тапсырылыпты. 

- Ауданда кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 3 адам 15 миллион теңге, АИО «Оңтүстік» микро қаржы ұйымынан 8 адам 660,3 миллион теңге және «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 60 адам 250 миллион теңге несие алған. «Бизнес жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында Жүйнек ауылдық округінде орналасқан «DIVALUX» ЖШС кәсіпорны 370 миллион теңге несие алды, - дейді бөлім басшысы. 

Оның айтуынша, ағымдағы жылы Иассы ауылдық округінде орналасқан «Sem Brend» жиһаз цехы 100 жаңа жұмыс орнын қамтитын жобаны іске қосқан. Одан бөлек, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан «GOLDEN Cotton» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта талшықтарын қайта өңдейтін зауытын іске қосып отыр. Сондай-ақ Жаңа Иқан ауылдық округінде жоба құны 600 миллион теңгені құрайтын 300 орынды жаңа мектеп «ДАРЫН КZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және жоба құны 1 миллиард теңгені құрайтын 280 орынды жаңа мектеп «Жаңа Иқан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өз қаражасы есебінен пайдалануға берілген.

- Туризм саласында да ауданда игі істер бар. Қазіргі таңда Ескі Сауран қалашығының аумағында «Сапар орталығының» құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Ескі Иқан ауылдық округінде кәсіпкерлердің демеушілігімен, «Сапар орталығы» ашылды. Ал Оранғай ауылдық округінде жоба құны 2 миллиард 200 миллион теңгені құрайтын емдік сауықтыру және ойын-сауық қонақ кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл қонақ үй жеке демеушілер тарапынан іске асырылуда. Аталған қонақ үй келер жылы пайдалануға беріледі, - дейді Б.Шәріпбеков.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер