Сауранда сан салалы жұмыстар көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Экономиканы түбегейлі реформалау үшін мемлекеттік басқару жүйесіне серпіліс қажет. Жұрт бос сөзден, жарқын болашақ туралы жалынды ұрандардан жалықты. Халық мемлекеттік органдардың өз уәдесін қағаз бетінде емес, іс-жүзінде орындағанын қалайды» деп, билік жұмысын ширата түсуді тапсырды.

Screenshot_70.jpg

Бұл тапсырманы Сауран ауданы әкімі Ғани Рысбеков іс жұхзінде орындап, халықтен етене жұмыс істеуде. Оның айтуынша, ауданда инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. 2022 жылдың 10 айында инвестиция көлемі 15,7 миллиард теңгеге орындалған. Сонымен қатар, өнеркәсіп саласы 6,8 миллиард теңгеге жетті. Ал өңдеу өнеркәсібінде 4,4 миллиард теңге болса, жыл басынан бері шағын және орта бизнес көрсеткіші 5371 субъектіге жетті.

- Тұрғындарды толғандырған мәселелер кезең-кезеңімен орындалып келеді. Бүгінде Сауран ауданында 12 ауылдық округте жалпы 35 елді мекен бар, халық саны 106 мыңнан асады. Аудан бюджеті өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда биыл 5 есеге ұлғайған. 2021 жылдың 1 қарашасына жергілікті бюджетке 110,1 млн теңге жоспарланып 178,3, миллион теңге қаржы түскен, орындалуы 1,6 есеге ұлғайып отыр, - деді аудан әкімі.

Бүгінгі таңда аудандағы 14 елді мекенге су қоймаларының тозығы жеткен құрылғыларын ағымдағы жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде, осы жылдың соңына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал 4 ауылдық округтегі 11 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Үшқайық ауылдық округіне қарасты 4 елді мекенге биыл сәуір айынан бастап газ берілуде. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында Жаңа Иқан, Шаға ауылдық округтеріне қарасты 6 елді мекенге табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қабылдаудан өткізілген. Бүгінде екіжақты келісімшарт түзіліп, биылғы қазан айынан бастап, Шаға ауылдық округінің 8 көшесіне газ берілді. Жыл соңына дейін қалған елді мекендерге газ берілетін болады. 

- Елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жоспарға сай іске асуда. Аудан орталығы Шорнақ елді мекенінің өзі қазір газбен қамтылған жоқ. Бұл ретте, магистральды газ құбырларын жүргізу бойынша Кентау қаласының әкімдігі тарапынан жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Шорнақ, Қосмезгіл және Еңбекші Диқан елді мекендеріндегі жаңадан қоныстанған аумақтарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі нысанға жобалық-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Биыл ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, - деді аудан әкімі.

Елімізде агросалада өң өзгерістерге бастайтын нақты бағдарламалар іске асырылуда. Ел экономикасының пандемия тудырған дағдарыстан кейін қалпына келіп, қарқынды даму жолына түсетінін аңғару қиын емес. Мемлекет басшысы ұсынған экономиканы сауықтыру шаралары ел болашағының кепілі болары анық.

- Ауыл шаруашылығы аудан экономикасында жетекші орын алады. Осы ретте, бүгінгі күнге субсидия алуға 296 шаруа өтінім тапсырып, мемлекет тарапынан жалпы құны 716,4 миллион теңге қаржылай қолдау алған. Алдағы уақытта жалпы құны 13 миллиард 847 миллион теңге құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап, жер телімдерін қарастырып жатырмыз, - деді аудан басшысы.

Сонымен қатар Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 гектар жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың гектар жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген. Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен, алаңы 32,3 мың гектар жер бойынша келісімшарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалмақ.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Биыл қар әдеттегі нормадан 2 есеге көп түскен
  • Көшпелі форматтағы қоғамдық қабылдаулар көбейіп келеді
  • Қарағандылық уланған балалардан ішек инфекциясы табылмады – Министр Ажар Ғиният
  • Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді
  • Қазақстанның бірнеше аймағында жанармай тапшылығы туындады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер