Қарағандыда балалар уланған орталықтың басшысы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді

Қарағандыда балалар жаппай уланған орталықтың басшысы мен бірнеше қызметкері қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев мәлім етті, деп хабарлайды Rgmedia.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_19.jpg

"Қазір бүкіл күш-жігер зардап шеккен балалардың денсаулығын қалпына келтіріп, жақсартуға бағытталған. Дәрігерлер бар мүмкіндікті пайдаланып жатыр. Әрине, аталған жағдай бойынша сұрақ көп, оның жауабын тергеуден кейін береміз. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ қылмыстық іс қозғалды. Орталықтың директоры міндетін атқарушы мен 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді", – деді Ермағанбет Бөлекпаев өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, орталыққа басқа медициналық мекемеден мамандар тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 30-31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қызмет алып жатқан 12 мүгедектігі бар бала Қарағанды қаласының көпсалалы балалар ауруханасына жатқызылды.

Оның ішінде 2009 жылы туған бала қайтыс болды.

1 тамызда медициналық көмек көрсету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығынан тағы 2 бала келіп түсті.

Осылайша қазіргі уақытта ауруханада 13 мүгедектігі бар бала ем қабылдап жатыр.

Қарағанды облысының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында жоғарыда аталған 13 баладан басқа тағы 147 мүгедектігі бар бала тұрады.

Сондай-ақ 42 бала күндізгі қызметтерді алады.

Дәрігерлер Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайына түсініктеме берді.

“Қазіргі уақытта біздің орталықта 9 бала емделіп жатыр, 4 науқас реанимация бөлімінде жатыр, олардың барлығы аппараттық басқару арқылы тыныс алуда, яғни инвазивті желдеткіште. Балалардың жағдайы өте ауыр, қазіргі уақытта олар барлық қажетті қарқынды, этиопатогенетикалық терапияны алып жатыр. Біз барлық биологиялық сұйықтықты зерттеуге алдық, яғни барлық вирустар, барлық бактериялар және мүмкін басқа экзогендік заттар тексеріліп жатыр және нәтижелер бойынша біз нақты мәлімет аламыз”, – деген болатын. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Мұздыбеков пен Меңдіқұлов отпен ойнап отыр ма? - Елдегі дүрбелең осы газ дауынан басталған еді
  • Қазақстанды мұрагер елесі кезіп жүр
  • «Шетелден бір-ақ шыққан шенділер»: Елші болу өсу ме, өшу ме?
  • Дархан ҚЫДЫРӘЛІ: «Тарихқа хайппен емес, байыппен қарау керек»
  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер