Оралда 25 жыл бұрынғы кісі өлімі ашылды

Screenshot_9.jpg

Оралда 25 жыл бұрын болған екі кісі өлімі ашылды. Мән-жайды полиция айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға қашан, қалай болған?

Қайғылы оқиға 2000 жылы желтоқсанда болған. Оқиға салдарынан екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан. Қылмыстың жасалуына ақша мәселесі себеп болған.

Күдіктілер туралы

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті, яғни тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталған.

"Тікелей дәлелдер болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Соталды тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатысы барын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс "Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі" бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Саида Мирзиёева Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымын иеленді
  • СІМ Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты мәлімдеме жасады
  • Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды
  • Таяу Шығыстағы шиеленіс: Дубайдан қазақстандық туристерді жеткізген екі ұшақ Алматыға қонды
  • Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрін қабылдады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер