ІІМ министрі өз міндетін дұрыс орындамаған қыздардың ата-анасын соттай ма?

Screenshot_2.jpg

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов алапат өрттен кейін бес бірдей баласынан айырылып қалған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қасымов өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

"Сараптама жүргізу керек. Өрттің шығуына пеш себеп болған", - деді министр үкімет кулуарында.

Сондай-ақ, өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін марқұм қыздардың ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғала ма деген сауалға да жауап берді. 

"Менің ойымша, бұл іс қозғайтындай жағдай емес", - деді Қасымов.

Еске сала кетсек, ақпанның үшінен төртіне қараған түні Астанадағы Көктал-1 тұрғын үй алабында "времянка" өртеніп, бес бала көз жұмды. Қаза болғандардың барлығы – қыз. Балалардың ата-анасы түнгі уақытта жұмыста болған.

Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марқұм балалардың ата-анасына көңіл айтып, әкімдерге тиісті тапсырмалар берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер