Ақпарат министрі Қытайға Тоқаевтың орнына неге Назарбаев барғанын түсіндірді

Screenshot_1.jpg

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Пекинге не себепті қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барғанын түсіндірді.

Министрдің айтуынша,Назарбаев Пекинге "Бір белдеу, бір жол" форумының құрметті қонағы ретінде және Қытай басшысы Си Цзиньпиньнің досы ретінде шақырылған.

– Ескі достықты құрметтеу Қытай билеушілерінің ежелден келе жатқан дәстүрі, – деді Дәурен Абаев Хабар арнасындағы "Открытый диалог" бағдарламасында.

Ол сондай-ақ, "Бір белдеу, бір жол" жобасының идеясы тұңғыш рет Қазақстан басшысының Қытайға жасаған сапары барысында көтерілгенін еске салды.

– Елбасы бастаған біздің еліміз осы бастаманы жүзеге асыруда әрдайым жетекші рөлдердің бірін атқарып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың Достық орденімен марапатталды. Айта кетсем, шетел басшыларының ішінде бұл орденмен бұған дейін тек Владимир Путинді марапаттаған, – деп қосты Абаев.

"Бір белдеу, бір жол" халықаралық форумы Пекинде 26 сәуірде өткен болатын. Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиньмен кездескен болатын

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Трамп 2037 жылға дейін президент болуы мүмкін
  • Қазақстан АҚШ-қа Алматыдан 49 жылға жалға жер береді
  • Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу жеңілдейді
  • Ресей Қазақстаннан бидай әкелуге тыйым салды
  • АҚШ Джон Кеннедидің өліміне байланысты құжаттарды жариялады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер